Шымкент әкімінің бұрынғы орынбасары 8,5 жылға сотталды

/image/2024/05/20/crop-34_19_425x755_photo1716188049.jpeg

Шымкент әкімінің бұрынғы орынбасары Мақсұт Исахов 8,5 жылға сотталды. Оған аса ірі мөшерде пара бермек болды деген айып тағылған. 

Шенеунікке қатысты сот процесі 2024 жылдың 5 наурызында басталған болатын. Ол ҰҚК бастығының бұрынғы орынбасарына 200 мың доллар көлемінде пара берді деген айыппен ұсталған. Исахов бұған дейінгі сот отырыстарында өзінің кінәсіз екенін айтып, жарыссөзде судьядан өзін ақтауды сұраған еді.

Сот үкімімен шенеунік 8,5 жылға сотталып, мемлекеттік қызметте лауазымды қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар